Accessibility links

АҚШ президенті Сауд Арабиясына сапармен барды


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп алғашқы шетелдік сапарын Сауд Арабиясынан бастады. Бұл елден соң ол Израиль, Ватикан және Бельгияға барады, ал сапарының соңында Италияда өтетін «үлкен жетілік» саммитіне қатысады деп жоспарланған.

Эр-Риядтағы кездесуде Трамп бұрынғы президент Барак Обаманың тұсында салқындап кеткен АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жақсартуға тырысады деп хабарланды.

Брюссельде АҚШ президенті НАТО елдері жетекшілерінің бейресми кездесуіне қатыспақ.

XS
SM
MD
LG