Accessibility links

Ақтөбеде мұнай ұрлығына күдікті төрт адам тұтқындалған


Ақтөбе қаласында мұнай ұрлығы және заңсыз мұнай сатумен айналысқан деген айып тағылған төрт жергілікті тұрғын сот шешімімен екі айға тұтқындалған. Күдіктілер 16 мамыр күні ұсталған.

Айып тағылғандардың бірі Қазбек Әлиев бұған дейін Ақтөбе қаласы Елек полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті бұған дейін таратқан ақпаратта ұсталғандардың бірі радикалды діни ағымды ұстанушы деп хабарланған. Ресми деректе күдікті топтан 100 тонна дизель отыны алынғаны айтылған. Күдіктілердің 12 мекенжайы бойынша тінту жүргізіп, қару-жарақ, ақша, діни әдебиеттер мен түрлі заңды тұлғалардың мөрлері тәркіленді делінген қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

XS
SM
MD
LG