Accessibility links

СІМ Оңтүстік Кореяның қазақстандықтарды кіргізбеуін түсіндірді


Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласының әуежайы. 4 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Корея билігінің өз территориясына қазақстандықтарды кіргізуден бас тарту оқиғасына байланысты түсініктеме беріп, Қазақстан азаматтарын Оңтүстік Корея заңын сақтауға шақырды деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Соңғы бірнеше күннің ішінде Инчхон әуежайының иммиграциялық қызметі Алматы мен Ташкенттен барғанҚазақстанның 15 азаматын кері қайтарды. Бір қызығы,олардың үшеуі ғана Сеул қаласындағы біздің елшіліктің көмегіне жүгінген. Қалған азаматтар өздерін не үшін кіргізбегенін білген болуы керек» деп мәлімдеген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов. Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар шұғыл түрде хабарласқан Инчхон әуежайының иммиграциялық қызметінің мәліметі бойынша, елшілік көмегіне жүгінген үш адамның екеуі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргені анықталған.

«Үшінші азамат туристік мақсатын дұрыс көрсетпеген. Сол ұшақпен келген Қазақстанның басқа азаматтары еш кедергісіз тексеруден өтті» деген Жайнақов.

Оның сөзінше, Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл мәселе бойынша Оңтүстік Корея дипломаттарымен үнемі консультациялар өткізіп тұрады. Оңтүстік Кореядан қазақстандықтарды депортациялаудың жиілеуі жақында Астанада консулдық мәселелер жөнінде өткен екіжақты кездесуде қозғалған негізгі тақырыптардың бірі болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG