Accessibility links

Генерал Дустум Ауғанстаннан кетіп қалды


Ауғанстан вице-президенті генерал Абдул Рашид Дустум. Құндыз уәлаяты, Ауғанстан, 19 наурыз 2014 жыл.
Ауғанстан вице-президенті генерал Абдул Рашид Дустум. Құндыз уәлаяты, Ауғанстан, 19 наурыз 2014 жыл.

Ауғанстан вице-президенті генерал Абдул Рашид Дустум шетелге кетті. Дустумнің баспасөзбен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ясин Хамоштың Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясына хабарлауынша, генерал Түркияға емделуге кеткен.

Кейінірек вице-президенттің тағы бір серігі, оның Джанбиш партиясынан парламент депутаты болып отырған Башид Пхмад Таяндж «Дустум жасырынған жоқ, ол емделгеннен кейін елге оралады» деп мәлімдеген. Дустумның денсаулық жағдайы туралы ешқандай ақпарат берілген жоқ.

Ауғанстан билігі 2016 жылы елдің солтүстігіндегі Джаузджан уәлаятының бұрынғы басшысы Ахмад Эсшидің өзін Дустумның адамдары ұрлап әкетіп, ұрып-соғып, сексуалдық зорлық жасағаны туралы мәлімдемесіне қатысты тергеу бастаған.

Бірақ бұл іс бойынша Дустумнан жауап алынбаған, оған ешқандай айып тағылмаған.

Ауғанстандағы өзбектер лидері генерал Дустум бұған дейін 2008 жылы өзіне осыған ұқсас айып тағылған кезде Түркияға кетіп қалып, кейін Ауғанстанға қайтып оралған.

XS
SM
MD
LG