Accessibility links

АҚШ Роухани зымыран бағдарламасына тоқтау салады деп үміттенеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Иран президенті болып қайта сайланған Хасан Роухани Тегеранның зымыран бағдарламасына тоқтау салады және "террорлық желіні" жояды деп үміттенетінін айтқан.

Сенбі күні Эр-Риядта Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адел әл-Жубейрмен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Тиллерсон сонымен бірге Вашингтон Иранның Сирия мен Йемендегі белсенділігін тежеуге ниетті екені туралы да мәлімдеген. АҚШ пен Иран аталған екі елде қарулы жанжалға қатысушы қарсылас екі тарапты қолдайды.

"Егер өзі қаласа, Иранның өзге әлеммен қарым-қатынасын өзгертуге Роуханидің қабілеті жетеді" деген Тиллерсон.

Адел әл-Жубейр "Ирандағы президент сайлауы - сол елдің ішкі мәселесі" деп мәлімдеп, Тегеранды Иранның зымыран бағдарламасына қатысты БҰҰ қарарын орындауға шақырған.

Рекс Тиллерсон Эр-Риядқа алғашқы шетелдік сапарын Сауд Арабиясынан бастаған АҚШ президенті Дональд Трамппен бірге барған.

XS
SM
MD
LG