Accessibility links

Британ министрі Еуроодақты Brexit бойынша ұстанымын өзгертуге шақырды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығу мәселелері (Brexit) жөніндегі министрі Дэвид Дэвис егер Брюссель Лондоннан 100 миллиард еуро төлеу туралы талабын жалғастыратын болса, онда британ үкіметі келіссөздерді тоқтатады деп ескертті. Еуроодақ Brexit кесірінен тартқан шығын сомасын 100 миллиард еуроға бағалап отыр.

The Sunday Times басылымына сұхбатында министр Дэвид Дэвис егер Еуропа Одағы келіссөздердің сәтті өтуін қалайтын болса, онда өз ұстанымын өзгертуі тиіс деп мәлімдеген.

Бұған дейін еуропалық баспасөз құралдары Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкердің бағалауынша, Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығуы одаққа 50 миллиард фунт стерлингке түседі деп хабарлаған. Ал Франция мен Германия шығын көлемі 100 миллиард еуро болады деп санайды.

XS
SM
MD
LG