Accessibility links

Сириялық көтерілісшілер Хомстың соңғы ауданынан эвакуацияланды


Хомстың әл-Ваер ауданынан эвакуацияланғандар Алеппо провинциясына барып жатыр. Сирия, 18 сәуір 2017 жыл.
Хомстың әл-Ваер ауданынан эвакуацияланғандар Алеппо провинциясына барып жатыр. Сирия, 18 сәуір 2017 жыл.

Сириялық жүздеген көтерілісші мен олардың отбасылары Хомстың оппозиция бақылауындағы соңғы ауданы - әл-Ваерді тастап шықты. Келісім бойынша бұл аудан үкімет әскерінің бақылауына өтуі тиіс. Соңғы екі күнде әл-Ваерден үш мыңға тарта адам шығып кетті, олардың 700-ге жуығы - сарбаздар.

Бір кездері президент Башар Асадқа қарсы көтерілістің орталығы болған Хомс қаласы төрт жыл қоршауда тұрды. Соңғы айларда Сирияның батыс аудандарын оппозицияның мыңдаған мүшесі тастап шықты. Қазір Асад билігі елдің барлық басты қалаларын бақылауда ұстап тұр.

Оппозиция өздерін бірнеше ай немесе жыл қоршауға алып, бомбалаудан соң өздерін күштеп көшіріп жатқанын айтып, үкіметпен жасалған келісімді сынап жатыр. Негізгі эвакуация Идлиб провинциясы мен Сириямен шекарадағы Джараблус қаласында жүргізілген.

XS
SM
MD
LG