Accessibility links

Назарбаев Эр-Риядтағы саммитте Трамппен және Тиллерсонмен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эр-Риядтағы саммитте. Сауд Арабиясы, 21 мамыр 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эр-Риядтағы саммитте. Сауд Арабиясы, 21 мамыр 2017 жыл.

Қазақстан президенті нұрсұлтан Назарбаев 21 мамырда Эр-Риядта ислам елдері мен АҚШ басшыларының саммиті аясында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев пен Трамп "екі жақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын, оның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдетудің келешегін" талқылап, "халықаралық бірқатар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты".

Саммит аясында Назарбаев сонымен қатар АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен де кездесіп, "екі жақты ынтымақтастықтың кейбір аспектілерінің жай-күйі мен оны дамытудың келешегін" талқылады.

Президент баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Назарбаев Эр-Риядтағы саммитте Кувейт, Катар әмірлерімен, Бахрейн королімен, Абу-Дабидің мұрагер ханзадасымен, Йемен, Мавритания президенттерімен, Пәкістан президенттерімен кездесті.

Ислам елдері мен АҚШ басшыларының саммиті 20 мамырда басталған. Сауд Арабиясына ежелден бәсекелес Иран басшылары саммитке шақырылған жоқ.

XS
SM
MD
LG