Accessibility links

Қазақстан Ислам ынтымақтастық ойындарында 19 медаль алды


Қазақстан бокс құрамасы Ислам ынтымақтастық ойындарында (Сурет авторы - Ардақ Тоғымов).

Бүгін Бакуде (Әзербайжан) төртінші Ислам ынтымақтастық ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан бұл жарыста екі алтын, бес күміс, он екі қола медальмен жалпы есепте 14-орын алды.

Боксшы Азат Махметов пен Тұрсынбай Құлахмет чемпион атанса, Айнұр Есбергенова, Әлімжан Серікбаев (екеуі де – таэквондо), Жандос Исмаилов, Даулет Шабанбай (екеуі де– еркін күрес), Жәмила Бақбергенова (әйелдер күресі) финалда жеңілді.

Гүлдана Әлмұханбетова, Еламан Ерғалиев (екеуі де– дзюдо), Жансель Дениз (таэквондо), Қуан Қуатов, Сұлтан Заурбек, Илья Очкин (үшеуі де – бокс), Ілияс Жұмай, Болат Сақаев, Мамед Ибрагимов, Әділет Давлумбаев (үшеуі де - еркін күрес), Айгүл Нұралым, Зарина Кұнанғараева (екеуі де – әйелдер күресі) қола медаль иеленді.

Бакудегі Ислам ойындарына Қазақстаннан 32 спортшы қатысты. Жалпы есепте 152 медаль алған Әзербайжан (74 алтын, 46 күміс, 32 қола) бірінші орын алды. Екінші орынды Түркия (68-63-54), үшінші және төртінші орындарды Иран (30-26-33) мен Өзбекстан (15-17-30) иеленді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG