Accessibility links

Иран сыртқы істер министрі АҚШ пен Сауд Арабиясының келісімін сынады


Мохаммад Жавад зариф, Иран сыртқы істер министрі.
Мохаммад Жавад зариф, Иран сыртқы істер министрі.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясын олардың қарулану мен инвестиция салаларында жасасқан келісімі үшін сынап, "араб елдерінің саясаты 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-та жасалған терактіге себеп болғанын" мәлімдеді. Зариф бұл туралы 21 мамырда, Трамп Эр-Риядта сөз сөйлеп, Иранды "исламшыл содырларды дем беруші басты мемлекет" деп атаған соң айтты.

Трамп Тегеранға қарсы мәлімдемесін Иранның реформатор саналатын президенті Хассан Роухани 19 мамырда екінші мерзімге қайта сайланған соң жасап отыр. Кейбір сарапшылар Роуханидің қайта сайлануы Тегеран мен Батыстың қарым-қатынасын жақсартуы мүмкін деп болжайды.

Иран сыртқы істер министрі Twitter-де Сауд Арабиясы мен АҚШ арасындағы келісімді айыптап, "АҚШ Сауд Арабиясын "сауынды сиырға" айналдырып отырған болуы мүмкін" деген пікірін білдірді.

"Иран шынайы сайлау өткізісімен-ақ демократия мен ұстамдылықтың бастионы - @POTUS-тың шабуылына ұшырады. Сыртқы саясат па әлде KSA-дан 480 миллиард доллар тартып шығару ма?" деп жазды. Зариф POTUS сөзімен АҚШ-ты, KSA сөзімен Сауд Арабиясын меңзеп отыр.

XS
SM
MD
LG