Accessibility links

Түркияда ресейлік ұшқышты өлтірген әскери қызметкер 5 жылға сотталды


Мәскеудегі Ресей қорғаныс министрлігі алдында тұрған ұшқыш Олег Пешковтың суреті. 26 қараша 2015 жыл.

Түркияда дала командирі, 2015 жылы ресейлік ұшқыштың өліміне жауапкершілікті мойнына алған Алыпарслан Челик бес жылға сотталды. Түркиялық Hurriet газетінің хабарлауынша, сот Челикті қару-жарақты заңсыз иеленді деген айыппен соттады.

2015 жылы 24 қарашада түркиялық жойғыш ұшақ Сирияда әуе операциясын атқарып жүрген Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсірген. Ұшқыш Олег Пешков катапультпен секіріп үлгергенімен, жерге түскен соң оны өлтіріп тастаған. Анкара ұшақ Түркияның әуе кеңістігіне еніп кетті деген. Ресей мұны жоққа шығарған.

Ресейлік ұшқыштың қазасы ресей-түркия қарым-қатынасының нашарлауына әкеліп соқтырған. Мәскеу ұшақтың атып түсірілгеніне жауап ретінде Түркияға қарсы санкция салып, кейін Түркия президенті Режеп Ердоған ресми түрде кешірім сұраған соң оны ішінара жойған. Бірқатар түрік тауарларына енгізілген эмбарго әлі күнге дейін күшінде тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG