Accessibility links

Түркия АҚШ-тың Ердоғанның күзетшілеріне қатысты "агрессиясына" наразы


Түркия елшісі резиденциясының алдындағы Режеп Ердоғанның күзетшілері мен наразылық танытушылар арасындағы қақтығыс. Вашингтон, 16 мамыр 2017 жыл.
Түркия елшісі резиденциясының алдындағы Режеп Ердоғанның күзетшілері мен наразылық танытушылар арасындағы қақтығыс. Вашингтон, 16 мамыр 2017 жыл.

Түркия билігі елдегі АҚШ елшісін президент Режеп Ердоғанның Вашингтонға сапары кезінде оның екі оққағарының аз уақытқа тұтқындалуына байланысты наразылық білдіруге шақыртты. Ердоғанның өткен аптада Вашингтонға жасаған сапары кезінде оның екі оққағары аз уақытқа ұсталып, бірақ кейін босатылған еді. Анкара мұны АҚШ билігінің Ердоғанның оққағарларына қарсы "агрессивті және кәсіби емес әрекет" деп бағалады. АҚШ мемлекеттік департаменті Түркия президенті қауіпсіздік қызметі өкілдерінің әдебін "қатты алаңдатады" деп атады.

Анкараның америкалық елшіні шақыртып алу шешімі АҚШ-та Ердоған күзетшілеріне қатысты қатаң шаралар қолдануға шақырған үндеулермен байланысты болуы мүмкін. Ердоғанның күзетшілері 16 мамырда Түркияның Вашингтондағы елшісінің резиденциясы жанында наразылық акциясына қатысқандарды сабап, соққыға жыққан суреттер мен бейне жазбалар тараған. Бір топ демонстрант, оның ішінде армяндар мен күрдтер өздеріне Ердоғанның жақтастары, оның ішінде президенттің күзет қызметкерлері соқтыққанын мәлімдеген. Оқиғадан тоғыз адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG