Accessibility links

Омурбек Текебаев пен Дүйшен Чотоновтың соты ашық өтеді


Омурбек Текебаевты қолдау акциясы кезінде саясаткердің суретін ұстап тұрған қыз. Бішкек, 27 наурыз 2017 жыл.

Қырғызстан парламентіндегі оппозициялық "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы министр Дүйшен Чотоновтың соты ашық өтеді. Бішкектің Первомай аудандық сотының Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, алғашқы сот отырысы 5 маусымға белгіленген.

Бұған дейін "Ата Мекен" фракциясы жетекшісінің қызметін уақытша атқарушы, депутат Алмамбет Шыкмаматов сотқа журналистерді кіргізбеуі мүмкін деген пікірін айтқан еді. Бірақ Чотоновтың адвокаты Бақыт Жұмашев журналистерді сотқа кіргізбеуге ешқандай негіз жоқ дейді.

Өмірбек Текебаев 26 ақпанда ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің арызы бойынша ұсталған. Маевскийдің мәлімдеуінше, Текебаев одан 2010 жылы "Мегаком" компаниясының акцияларын сатып алуға көмектесу үшін бір миллион доллар пара алған. 2017 жылы 25 ақпанда Қырғызстан бас прокуратурасы "сыбайлас жемқорлық" және "алаяқтық" фактілері бойынша қылмыстық іс қозғап, келесі күні екі саясаткер де ұсталды.

Текебаев пен Чотонов қазір Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитететінің тергеу абақтысында отыр. "Ата Мекен" партиясының өкілдері екі саясаткерді де кінәсіз және қылмыстық істің саяси астары бар деп біледі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG