Accessibility links

Назарбаев Ұлыбритания премьер-министріне көңіл айтты


Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.
Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйге Манчестердегі жарылыста ондаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Ұлыбританияның солтүстігіндегі Манчестер қаласында 22 мамыр күні жарылыс болып, 19 адам қаза тапқан. Жарылыс америкалық әнші Ариана Гранденің концерті өткен Manchester Arena ғимаратында, концерт аяқталған сәтте болды. Ұлыбритания билігі жарылысты теракт деп қарастырып отыр.

"Қайғыны бөлісе отырып, Қазқстан халқы мен өз атымнан Біріккен Корольдік халқына және қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін" делінген жеделхатта.

Жарылыстан соң Ұлыбританияның саяси партиялары 8 маусымға белгіленген парламент сайлауына үгіт-насихат кампаниясын тоқтата тұратындарын жариялады. Манчестер полициясы тұрғындарға жарылыс болған аумаққа бармауға шақырды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Манчестерде құрбан болғандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Министрлік концертке қазақстандық алты студенттің барғанын, бірақ олар дипломаттардың мәліметінше, тұрғылықты жеріне аман-сау жеткенін айтады.

XS
SM
MD
LG