Accessibility links

Ақышев: БЖЗҚ активтері туралы ақпаратқа ертең жауап берем


Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық банк басқаратын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) әзербайжанның қиындыққа тап болған банкіне инвестициясы салғаны туралы ақпаратты кейінірек беруге уәде етті. Астанада өткен үкімет отырысының арасында Ақышев журналистерге зейнетақы активтерінің дефолт болған Әзербайжан халықаралық банкіне салынғаны туралы өздерін қызықтыратын сауалдарына ертең жауап беретінін айтты.

"Бұл ақпарат өндірісте жатыр. Әуелде үкімет, премьер-министр, мемлекет басшысы құлағдар болуы тиіс, шешім шыққан соң ғана Ұлттық банк сіздерге ақпарат береді" деді Ақышев. Оның сөзінше, 24 мамырда Алматыда Ұлттық банктің баспасөз конференциясы өтеді.

БЖЗҚ Әзербайжан халықаралық банкінің 71,3 миллиард теңге болатын облигациясын 2024 жылға дейінгі мерзімге сатып алған.

Өткен аптада парламенттің бірнеше депутаты үкімет пен Ұлттық банкке әзербайжандық банкке қаржы салуға қатысты сауал жолдаған.

Азаттықтың БЖЗҚ қаржысына қатысты видео репортажы (16.05.2017)

XS
SM
MD
LG