Accessibility links

Манчестердегі жарылыс құрбандарының саны 22-ге жетті


Жарылыс болған аумақта жүрген дәрігерлер мен құтқарушылар. Манчестер, 22 мамыр 2017 жыл.

Британ полициясының хабарлауынша, Манчестер қаласында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 22 адамға, жараланғандар саны 59 адамға жетті. Құрбандар арасында балалар да бар. Полиция 22 мамыр күні кешке Manchester Arena ғимаратының сыртында болған жарылысты теракт деп бағалап отыр.

Полиция 22 адамның жарылыс кезінде қаза тапқанын, жарылысты бір адам жасаған болуы мүмкін екенін айтады. "Әзірге біз өткен түні болған шабуылды бір адам жасады деп білеміз. Шабуыл жасаған адамның оқиға орнында қаза тапқаны анық. Біз жанкештіде қолдан жасалған жарылғыш құрпылғы болған дәне ол оны жарған деп ойлаймыз" деді Манчестер полициясының өкілі Ян Хопкинс.

Ол қазір қауіпсіздік күштері үшін жанкештінің жалғыз өзі әрекет еткенін, я серіктері болғанын анықтау маңызды екенін айтты.

Бұған дейін полиция Манчестердегі жарылыста 19 адам қаза тапқанын хабарлаған.

AzattyqTV

Құпияға толы Жібек жолы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00
XS
SM
MD
LG