Accessibility links

Манчестердегі терактіге күдіктінің аты-жөні аталды


Манчестердегі теракт құрбандарын еске алу. 23 мамыр 2017 жыл.
Манчестердегі теракт құрбандарын еске алу. 23 мамыр 2017 жыл.

Британ полициясы Манчестердегі 22 адам қаза тапқан терактіні Салман Абеди жасады деп күдіктенеді. Манчестер полициясының өкілі Ян Хопкинс Абедидің жасы 22-де екенін ғана айтып, басқа ақпарат бермеді.

Британдық Daily Telegraph газетінің ақпараты бойынша, Абедидің ата-анасы Ливиядан Ұлыбританияға ұлдарының кішкентай кезінде Муаммар Каддафи билігінен пана іздеп босқын болып келген. "Біздің басты міндетіміз - оның жалғыз өзі, немесе үлкен топтың бір мүшесі ретінде әрекет еткенін анықтау" деді Хопкинс.

Бұған дейін терактіге күдікті ретінде бір адам ұсталғаны хабарланған болатын. Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Бірақ британ билігі бұл ақпаратты әзірге растай алмайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG