Accessibility links

АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Италияда Рим папасы Францискпен кездеседі. Трамп Италияға кеше барған.

Трамп Италияда бір күн болып, одан соң Брюссельге барады. Мұнда ол Еуропа Одағы және НАТО басшылығымен кездеседі. Одан кейін Трамп Италияға қайта оралып, 25 мамыр күні Сицилияда дамыған елдердің "Үлкен жетілік" саммитіне қатысады.

Трамп пен Рим папасы бұған дейін миграция, климаттың өзгеруі және мұсылмандарға қатысты саясат мәселелерінде бірнеше мәрте қарама-қайшы мәлімдемелер жасаған еді. Франциск өткен жылы Трамптың АҚШ пен Мексика арасында қабырға тұрғызу ниеті туралы сауалға "Көпір емес, қабырға тұрғызуды ойлайтын адам - христиан емес" деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG