Accessibility links

Рада украин тілінің қолданыс аясын кеңейтетін заң жобасын мақұлдады


Украина парламентінің сессиясы. Киев, 16 мамыр 2017 жыл.
Украина парламентінің сессиясы. Киев, 16 мамыр 2017 жыл.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада 23 мамырда мемлекеттік телеарналар мен радиоларда украин тіліндегі бағдарламалар мен фильмдердің үлесі 75 пайыздан кем болмауын міндеттейтін заң жобасын мақұлдады. Заң жобасын екінші әрі соңғы оқылымда Жоғарғы Раданың 450 депутатының 269-ы қолдап дауыс берді. Құжат президент Петр Порошенконың қол қоюына жөнелтілді.

Заң жобасындағы украин тілінің қолданысын кеңейтуге арналған талапты Украинаның орыс тілді тұрғындары әрқилы қабылдап жатыр. Украина шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистер Киевті орыс тілінің қолданыс аясын әдейі тарылтып жатыр деп айыптайды. Киев мұны жоққа шығарады.

Парламент қабылдаған түзетулерде аймақтық телеарналар мен радиолардың эфиріндегі украин тіліндегі хабарлардың үлесі 50 пайыздан кем болмауы тиіс екені айтылған. Рада қабылдаған жаңа ережелердің шетелдік телеарналар мен радиоларға қатысы жоқ. Бірақ құжат украин арналарының эфирінен трансляцияланатын шетелдік фильмдерде украин тіліндегі субтитрі бірге берілуін міндеттейді. Заң жобасында украин тіліне қатысты талаптар сағат 7-ден 22-ге дейінгі аралықта күшінде болатыны айтылған.

XS
SM
MD
LG