Accessibility links

Бішкекте жарылғыш құрылғыға ұқсас зат залалсыздандырылды


Бішкектегі филармония маңында жүрген милиция қызметкерлері.

Қырғызстан билігінің мәліметінше, бүгін таңертең Бішкектегі филармония алдында залалсыздандырылған зат жарылғыш емес, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсатып жасалған зат болып шықты.

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәлімдеуінше, 24 мамырда кезекші бөлімге Токтогул Сатылганов атындағы Ұлттық филармония ғимаратының маңында күдікті зат жатқаны туралы телефонмен хабарланған.

Қауіпсіздік қызметкерлері территорияны қоршап, күдікті затты тапқан. Саперлер бомбаны залалсыздандыратын құрылғымен бомбаға ұқсас затты жойған. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG