Accessibility links

Әзербайжанда журналист 30 тәулікке қамалды


Ниджат Амирасланов, әзербайжандық журналист.
Ниджат Амирасланов, әзербайжандық журналист.

Әзербайжан соты журналист Ниджат Амираслановты полицияға қарсылық танытты деп айыптап, 30 тәулікке қамады. Әзербайжанның солтүстік-батысындағы Газах ауданының тәуелсіз журналисі Амирасланов 22 мамырда ұсталған. Аудандық сот журналиске шешімін 23 мамырда шығарған.

Амираслановтың әріптестері мен серіктері журналист интернетте билікті сынайтын репортаждар мен жазбалар жариялағаны үшін қамады деп біледі.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдері Әзербайжан билігін тәуелсіз журналистер мен құқық қорғаушыларды жүйелі түрде қудалайды деп айыптап келеді. Билікке 2003 жылы келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өз үкіметіне қатысты сындарды терістейді.

XS
SM
MD
LG