Accessibility links

AI Душанбенің оппозицияны қорғаған адвокаттарды қудалауын айыптады


Бузургмехр Еров, тәжікстандық адвокат.

Тәжікстан билігі оппозиция өкілдерін қорғайтын адвокаттарға қарсы қудалау тәсілдерін қолданып келеді деп мәлімдеді Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы.

AI 24 мамырда жариялаған "Заң қызметінде: Тәжікстандағы адвокаттарды қуғындау, қамау, аңду" деген баяндамасында бұл елдің заңгерлері кәсіби қызметін атқару барысында қиын жағдайларға тап болатынын, себебі Душанбе "адам құқықтарын аяққа таптайтынын" айтқан.

Баяндамада Тәжікстан үкіметі "өзгеше ойлайтындарды", оның ішінде тыйым салынған Тәжікстанның ислам қайта өрлеу партиясы және "Группа 24" секілді оппозициялық топтарға, саяси партияларға мүше болғандарды қудалайтыны" айтылған.

Тәжікстанда оппозициялық саясаткерлерді сотта қорғаған адвокаттардың өздері қуғын-сүргінге тап болып, түрлі мерзімге сотталған. Мысалы, Бузургмехр Еров пен Нуриддин Махкамов сияқты адвокаттар Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясы мүшелерінің адвокаттары болған. Қазір ол екі адвокаттың әрқайсысы терроризмге қатысты айыптар тағылып, 20 жылдан астам мерзімге бас бостандықтарынан айырылған.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG