Accessibility links

Трамп Ватиканда Рим Папасымен кездесті


АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамп (сол жақтан екінші) және қызы Иванка Трамп (сол жақта) Рим Папасы Францисктің қабылдауында. Рим, Ватикан, 24 мамыр 2017 жыл
АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның жұбайы Мелания Трамп (сол жақтан екінші) және қызы Иванка Трамп (сол жақта) Рим Папасы Францисктің қабылдауында. Рим, Ватикан, 24 мамыр 2017 жыл

АҚШ президенті Дональд Трамп Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездесті. Францисктің Трампты алғашқы қабылдауы 30 минутқа созылды. Кездесу президент пен Папаның қол алысуымен басталды. Трамп Рим Папасының қабылдауында болғаны өзі үшін "үлкен құрмет" екенін айтып, Францискке алғысын білдірді. Қабылдау соңында Рим Папасы АҚШ президентіне бейбітшіліктің символы - зәйтүн бұтағы бейнеленген медаль табыстады. Трамп оған "Біз бейбітшілікті іске асыра аламыз" деді.

Бұдан соң понтифик АҚШ президентінің делегациясының өкілдерімен, оның ішінде Трамптың зайыбы Мелания Трамппен, қызы Иванка Трамп және күйеубаласы Джаред Кушнермен, АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Герберт Макмастермен танысты.

Бұдан соң Папа мен президент дәстүр бойынша бір-біріне сыйлықтарын тапсырды. Трамп Францискке кіші Мартин Лютер Кингтің кітабын табыстады. Франциск оған бейбітшілік медалі мен үш құжат берді. Трамп кетерінде Францискке "Рақмет, айтқаныңызды ұмытпаймын" деді.

Рим папасы Франциск АҚШ президенті Дональд Трампты қабылдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

Трамп бүгін сонымен қатар Римде Италия президенті Серджио Маттарелламен және премьер-министрі Паоло Джентилонимен кездеседі.

Трамп Италияға 23 мамырда Израиль мен Иордан өзенінің батыс жағалауына жасаған сапарынан соң барған.

АҚШ президенті 25 мамырда Брюссельде НАТО басшылығымен кездесіп, 26-27 мамырда Сицилияда өтетін "Үлкен жетілік" елдері басшыларының саммитіне қатысады.

XS
SM
MD
LG