Accessibility links

Әкім "Ақтөбенің" жаңа бапкерін таныстырды


"Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері. Көрнекі сурет
"Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері. Көрнекі сурет

24 мамыр күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе" футбол клубына бас бапкер Владимир Мукановты таныстырды. Бұл туралы Азаттыққа клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапарбаев клуб ойыншылары мен жанкүйерлер алдында соңғы кездері өзіне футболға қатысты шағым хаттар мен өтініштердің көп түсетіндігін айтқан.

Ақтөбе облысының әкімі: "Мойындау керек, қазір клуб күрделі кезеңді басынан өткеріп жатыр. Бірақ бәрі де шешіледі. Біз клубты қаржыландыруды тоқтатқанымыз жоқ. Бұдан әрі де клубтың жетістіктеріне қарай қаржыландыра береміз. Жаңа бапкерге зор үміт артып отырмыз. Владимир Муканов "Ақтөбе" клубына бөтен адам емес. Ол клубты жаттықтырған жылдары "Ақтөбе" бірнеше мәрте ел чемпионы болып, супер кубок иегері атанған, Еуропа Лигасына жолдама алған" деген.

63 жастағы Владимир Муканов жаттықтырушылық карьерасын 1992 жылы Ресейде бастаған. Ал "Ақтөбе" футбол клубын 2006-2012 жылдар аралығында жаттықтырған.

Қазір Ақтөбенің 2-соты "Ақтөбе" футбол клубына жетекшілік еткен кезінде "бюджеттің 240 миллион теңгесін талан-таражға салды" деп айыпталған Дмитрий Васильевтің ісін қарап жатыр.

Тергеу "2016 жылғы наурыз бен қыркүйек айларының аралығында 240 миллион 840 мың теңгені талан-таражға салды" деп айыптайтын Дмитрий Васильев былтыр 8 қараша күні ұсталған. Соттың мәліметінше, оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті бойынша айып тағылған. "Ақтөбенің" экс-директоры 2016 жылғы 11 қарашадан бері үйқамақта отыр.

XS
SM
MD
LG