Accessibility links

Ұлыбританияда Манчестердегі жарылысқа күдікті алтыншы адам ұсталды


Манчестердегі теракті құрбандарын еске алуға жиналған гүлдер.
Манчестердегі теракті құрбандарын еске алуға жиналған гүлдер.

Британ полициясы Манчестердегі 22 мамырда болған терактіге күдікті алтыншы адам - әйелді ұстады. Полицияның хабарлауынша, күдікті 24 мамырда Манчестердің солтүстігіндегі Блекли ауданында жүргізілген тінту кезінде ұсталған.

Жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 22 адам қаза тапқан шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Жарылысты ата-анасы Ливиядан келген, манчестерлік 22 жастағы Салман Абеди жасады деп танылған. Ливия билігі өкілінің хабарлауынша, Абедидің әкесі Рамадан мен інісі Хашим Триполиде ұсталған. 23 мамырда Ұлыбританияда Абедидің ағасы Исмаил тұтқындалған.

Манчестер полициясының басшысы Ян Хопкинс полиция қылмыстық топтың қызметін тергеп жатқанын айтты. Оның сөзінше, қала бойынша "жаппай тінту" жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG