Accessibility links

Екі облыста болған жол апаттарынан үш адам қаза тапты


Маңғыстау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Маңғыстау облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қазақстанда 24 мамыр күні болған екі жол апатынан үш адам қаза тауып, оннан астам адам жараланды.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы Ақтау-Жаңаөзен жолында шағын автобус пен минивэн соқтығысып, 13 адам жараланды. Олардың алтауы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қалғандары алғашқы дәрігерлік көмек жасалған соң үйлеріне қайтарылды деп хабарлайды аймақтық Апаттық медицина орталығы.

Осы күні Қарағанды облысындағы Жезқазған - Сәтбаев жолында екі көлік соқтысығып, үш адам қаза тауып, бір адам ауруханаға түсті деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

XS
SM
MD
LG