Accessibility links

Украинада коррупцияға қарсы "ірі операцияда" бұрынғы шенеуніктер ұсталды


Анатолий Матиос, Украинаның бас әскери прокуроры.
Анатолий Матиос, Украинаның бас әскери прокуроры.

Украинаның күш құрылымдары бұрынғы президент Виктор Януковичтің билігі тұсында мемлекетке 97 миллиард гривен (4 миллиард доллар) шығын келтіруге қатысы бар деген күдікпен салық қызметінің жоғары шенді бұрынғы 23 шенеунігін тұтқындады.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков пен бас әскери прокурор Анатолий Матиос журналистерге бұрынғы салық қызметінің шенеуніктері 24 мамырда елдің 15 облысында жүргізілген 454 рейд барысында тұтқындалғанын хабарлады. Олардың сөзіне қарағанда, бұл операцияларға ұлттық полицияның 1700 қызметкері мен 500-ге тарта әскери прокурор қатысқан. Матиостың айтуынша, бұл рейдтер мен тұтқындаулар Украинаның кіріс және салық түсімдері министрлігінің Янукович тұсындағы басшысы Александр Клименко кезіндегі қызметін тергеу аясында жүргізілген.

Клименконың өзі үкіметке қарсы толқулар күшейген 2014 жылы ақпанда Янукович сияқты Ресейге қашып кеткен. Матиос сонымен қатар бұл тұтқындаулар әлі жалғасатынын айтты. Аваков бұл рейдтерді "елде бұрын-соңды болмаған коррупцияға қарсы ең ірі операция" деп атады.

XS
SM
MD
LG