Парламент сенатының депутаттары бүгін Рахмет Мұқашевті Конституциялық кеңестің мүшесі етіп сайлады. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Мұқашевтің кандидатурасын сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып, депутаттар оны қолдады.
"Оның заң қызметіндегі үлкен тәжірибесін ескеріп, кандидатурасын Конституциялық кеңес мүшесі болуға лайық деп санаймын" деген Тоқаев Мұқашев туралы.
Рахмет Мұқашев парламент мәжілісінің 2,4 және 5-шақырылымының депутаты, әділет вице-министрі (2005-2006), президенттің парламенттегі өкілдігінің жетекшісі (2006-2007) болып қызмет атқарған, мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы болған.