Accessibility links

АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтуді ойластырып жатыр


АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин конгресте сөйлеп тұр. Вашингтон, 24 мамыр 2017 жыл.

АҚШ қаржы министрі Стив Мнучин Иранға қарсы санкцияны кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтып, бұған дейін Boeing Airbus компанияларына Тегеранға ұшақ сатуға берген рұқсатын қайта қарауы ықтимал екенін мәлімдеді.

24 мамырда конгресте сөйлеген Мнучин министрлік "америкалықтардың өмірін қорғау үшін Иран, Сирия және Солтүстік Кореяға қосымша санкциялар салуда қолдан келгеннің барлығын жасайтынын" айтты. "Мұның маңызды жайт екеніне сендіргім келеді және мұны президентпен талқылаймын" деген ол Дональд Трамп әкімшілігі санкциялардың тиімді екеніне сенімді екенін айтты.

Қаржы министрлігі өткен жылы Тегеранның 2015 жылы әлемдік державалармен жасасқан келісіміне сай Иранға ұшақ сатуға рұқсат берген. Келісім бойынша, Иран ядролық бағдарламасын кәдімгідей шектеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкциялар жойылған. Ұшақ сатып алу туралы мәміле - осы келісім нәтижесінде жасалған ең ірі бизнес келісім-шарты болып саналады. Тегеран ұшақ сату туралы мәмілені бұзу ядролық келісім талаптарын бұзу екенін мәлімдеді.

AzattyqTV

Бағыс тұрғындары не дейді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:20 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG