Accessibility links

Ресей: Сібірде газет бас редакторын өлтіріп кетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей билігі Сібірдің Минусинск қаласында жергілікті "Тон-М" газетінің бас редакторы Дмитрий Попковты әлдекімдер атып өлтіріп кеткенін хабарлады. Тергеу комитеті Красноярск өлкесі басқармасының 25 мамырда хабарлауынша, бірнеше жерінен оқ тиген Поповтың өлі денесі 24 мамыр күні түнде журналистің өз үйінің моншасынан табылған. Тергеу комитеті журналистің өлімін оның кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін дейді.

Тергеушілер 42 жастағы Попковтың өліміне қатысты тергеу бастаған.

Баспасөз құқығын қорғайтын топтар Ресейде орталық немесе жергілікті билікті сынайтын журналистер қудалауға, шабуылға ұшырайды, ал БАҚ өкілдеріне қарсы қылмыс жасағандар көбінесе жазаланбай қалады дейді.

Нью-Йоркте орналасқан "Журналистерді қорғау комитеті" (Committee to Protect Journalists - CPJ) ұйымының мәліметі бойынша, Ресейде 1992 жылдан бері кем дегенде 57 журналист қаза тапқан, оның ішінде 37-сін қастандықпен өлтірген.

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters without Borders) баспасөз еркін қорғау ұйымы Ресейді әлемдегі баспасөзі еркін елдер тізімінде 148-орынға қойған.

XS
SM
MD
LG