Accessibility links

Ресей Тәжікстанға "Искандер-М" зымыран кешендерін жөнелтті


Ресейдің "Искандер-М" баллистикалық зымыран кешені.
Ресейдің "Искандер-М" баллистикалық зымыран кешені.

Ресей Тәжікстанға әскери жаттығуға қатыстыру үшін"Искандер-М" баллистикалық зымыран кешендерін жөнелтті. Мәскеу Тәжікстанға мұндай зымыранды бірінші рет жөнелтіп отыр.

Ресейдің Орталық әскери округінің қолбасшысы, генерал-полковник Владимир Зарудницкий 25 мамырда Екатеринбургте зымыран кешендері "Душанбе-Антитеррор 2017" жаттығуында қолданылатынын айтты.

30 мамыр мен 1 маусым аралығына жоспарланған жаттығуды ТМД-ның терроризмге қарсы орталығы өткізеді.

Ресей билігі бұған дейін Тәжікстандағы жаттығуға Урал қаласынан Су-24М бомбалаушы ұшақтары мен Новосибирск қаласынан Ми-24 тікұшақтары жеткізілгенін хабарлаған.

Ресей Тәжікстанда өзінің бір әскери базасының құрамдас бөлігі саналатын үш әскери нысанында 7 мыңға тарта әскер ұстайды.

Тәжікстан Мәскеудің ықпалы басым Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше болғанымен, АҚШ-пен де әскери байланыс орнатқан.

АҚШ орталық әскери қолбасшылығының командирі генерал Джозеф Вотель сәуір айында келіссөз жүргізу үшін Тәжікстанға барған. Мұнда ол Душанбемен әскери байланысты дамыту жолдарын және тәжік шекара күштерінің әлеуетін күшейтудегі ынтымақтастықты кеңейтуді талқылаған.

XS
SM
MD
LG