Accessibility links

АҚШ Ресейдің Арктикада әскери қуатын күшейтіп жатқанына алаңдайды


Ресейдің Арктикадағы әскери техникалары.

АҚШ-тың Аляскадағы командирі Кен Уилсбах Ресейдің Арктикада әскери әлеуетін арттырып жатқанына алаңдап, мұның ежелден бейбіт аймаққа қатер төндіретінін мәлімдеді.

"Мені Ресейдің Арктикада мұзжарғыш кемелерінің болғаны және Ресей экономикасының 25 пайызы осы аймақта орналасқаны алаңдатпайды. Мені алаңдататыны - олардың Арктикада әскери әлеуеті мен қуатын күшейтіп жатқаны" деді АҚШ әскери-әуе күштерінің генерал лейтенанты Фэрбенкс сауда-өнеркәсіп палатасында.

"Егер Арктиканы осы кезге дейінгі сияқты бейбіт аймақ ретінде расымен сақтағыларыңыз келсе, онда неге қарулануды күшейтіп жатырсыздар?" деді Уилсбах. Ол Ресей әуе күштері ұшақтарының соңғы уақытта Аляска жағалауларына жақын бес рет ұшқаны заңды екенін және оар АҚШ-тың әуе кеңістігіне енбегенін айтты.

Солтүстік Корея тарапынан төнетін қауіпке қатысты пікір білдірген Кен Уилсбах Пхеньян Аляскаға жететін зымырандарын сынауды жиілеткенін, бірақ АҚШ-тың "оларды еңсере алатын қорғаныс мүмкіншіліктері жеткілікті" екенін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG