Accessibility links

Британ полициясы АҚШ-пен қайта мәлімет алмаса бастады


Манчестердегі полиция қызметкерлері. Ұлыбритания, 25 мамыр 2017 жыл.
Манчестердегі полиция қызметкерлері. Ұлыбритания, 25 мамыр 2017 жыл.

Ұлыбритания полициясы АҚШ арнайы қызметі алынған мәліметтердің құпия сақталатынына кепілдік берген соң онымен ақпарат алмасуды қайта бастағанын хабарлады. Бұған дейін британ полициясының АҚШ арнайы қызметімен Манчестердегі жарылысқа қатысты бөліскен мәліметтері америкалық БАҚ-тарда жарияланып кетіп, мәлімет алмасу тоқтап қалған еді.

"Әдетте біз ақпарат алмасу туралы уағдаластық жасасқанымыз туралы комментарий бермейміз. Жаңа растама берілген соң біз қазір түрлі елдердегі, оның ішінде "Бес көз" барлау альянсы құрамындағы маңызды серіктерімізбен тығыз жұмыс жасап жатырмыз" деді британ полициясы контртеррористік бөлімінің аға қызметкері Марк Роули.

"Бес көз" барлау альянсы қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия бар. 25 мамыр күні Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй АҚШ президенті Дональд Трамппен екі ел арасындағы барлау мәліметтерінің құпиялығын сақтау қажеттігін талқылаған.

22 мамырда Манчестердегі Manchester Arena ғимаратында жарылыс болып, 22 адам қаза тауып, 60-қа тарта адам жараланған. Полиция жарылысты ата-анасы кезінде Ливиядан келген, 22 жастағы Салман Абеди жасаған дейді.

Бүгін Манчестердің Мосс-сайд ауданында жарылысқа оныншы адам ұсталған. Манчестер полициясының Twitter-дегі ақпаратына қарағанда, қазір бұл іс бойынша сегіз адам тергеліп жатыр, бір әйел бір ер адам ешқандай айып тағылмастан босатылған.

XS
SM
MD
LG