Accessibility links

БАҚ: FBI Трамп күйеубаласының Ресеймен байланысын зерттеп жатыр


Джаред Кушнер, АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы.
Джаред Кушнер, АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы.

АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнер Трамп көмекшілерінің Ресеймен байланысын тергеп жатқан Федералдық тергеу бюросының (Federal Bureau of Investigation - FBI) қырағы назарында деп хабарлады БАҚ.

Кушнер өткен жылы желтоқсанда Ресей елшісі Сергей Кислякпен және Ресейдің мемлекеттік "Внешэкономбанкінің" басшысы, 2014 жылы АҚШ санкциясына ілінген Сергей Горьковпен кездесуінен соң тергеушілер назарына іліккен деп хабарлайды аты-жөнін атамаған лауазымды шенеунікке сілтеме жасаған Washington Post газеті мен NBC News агенттігі. БАҚ Трамптың қызы Иванка Трампқа үйленген Джаред Кушнерге қызығушылық туғаны тергеушілер оны қылмыс жасады деп күдіктенеді немесе немесе айып тағады деген сөз емес дейді.

Джаред Кушнердің заңгері Джеми Горелик оның тергеушілерге болысатынын хабарлады. "Кушнер бұған дейін конгреспен кездесу туралы өзіне белгілі мәліметтерін бөлісуге дайын екенін мәлімдеді. Ол өзін басқа кез-келген іске қатысты тергесе де осылай жасайды" деді Горелик.

XS
SM
MD
LG