Accessibility links

Әзербайжан оппозициялық партиясы басшыларының бірі ұсталды


Гозал Байрамлы, Әзербайжанның оппозициялық Халықтық майдан партиясы жетекшісінің орынбасары,
Гозал Байрамлы, Әзербайжанның оппозициялық Халықтық майдан партиясы жетекшісінің орынбасары,

Әзербайжанның оппозициялық Халықтық майдан партиясы жетекшісінің орынбасары Гозал Байрамлы ұсталды. Партия басшысы Әли Каримли орынбасары Гозал Байрамлының Грузиядан Әзербайжанға ұшып келіп, шекаралық тексеруден өтер кезде ұсталғанын айтады.

Каримли Байрамлы өзіне телефон соғып, ұсталғанын хабарлағанын жеткізді. Ол Байрамлы өзін полиция ұстамас бұрын сөмкесіне әлдебір нәрсе салып жіберді дегенін айтады.

Әзербайжан билігі саясаткердің ұсталғанына қатысты комментарий берген жоқ.

Әзербайжан билігін сынайтындар президент Ильхам Әлмев үкіметі сыни пікірдегі журналистер, құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділерді себепсіз қамап, түрмеге жабады дейді.

Соңғы бірнеше жылда Халықтық майдан партиясының ондаған өкілі қамалып, кейбірі сотталған. Жақтастары оларға қарсы істер қолдан ұйымдастырылған, саяси астары бар деп біледі.

XS
SM
MD
LG