Accessibility links

"Феникс" сотында айыпталушылар соңғы сөзін айтты


Тұңғышбай Жаманқұлов адвокаттарының бірімен сөйлесіп отыр. Алматы, 24 мамыр 2017 жыл
Тұңғышбай Жаманқұлов адвокаттарының бірімен сөйлесіп отыр. Алматы, 24 мамыр 2017 жыл

26 мамырда Алматының Медеу аудандық қылмыстық істер сотында кино түсіруге бөлінген мемлекет қаржысын жымқыру ісі бойынша процесте сотталушылар соңғы сөзін айтты.

"Феникс" фильмін түсіру үшін мемлекеттен бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша сотталып жатқан тоғыз адамның сегізі соңғы сөздерінде қысқа ғана сөйлеп, жарыссөзде айтқан сөздерін қайталады. Тек "Қазақфильм" компаниясының топ-менеджері Гауһар Ысқақова ұзақ сөйлеп, "компанияда "Фениксті" түсіруге қатысты қаншама мамандар жұмыс істеді, бірақ мен ғана жауапқа тартылып отырмын" деген сыңайда пікірін айтты. Ысқақованың сөзінше, ол қол қойған құжаттарды өзіне дейін "кинематографиямен таныс мамандар қарап, мақұлдаған". Бірақ судья оның ұзақ сөйлеп кеткенін, мұндай пікірін жарыссөзде айтуы тиіс болғанын ескертіп, сөзін аяқтауды сұрады. Бұдан соң Ысқақова соттан өзіне шартты жаза кесіп, рақымшылық жасауды өтінді.

«Феникс» ісі» айыпталушылары соңғы сөздерін айтты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:17 0:00

24 мамырда өткен жарыссөзде прокурор осы іс бойынша фильмнің продюсері Тұңғышбай Жаманқұловты "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқырды" деп айыптап, 7 жыл 6 айға соттауды, бірақ Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша жаза мерзімін 3 жыл 7 айға азайтуды және жасы жеткенін ескеріп шартты жаза кесуді сұраған. Прокурор өзге сотталушыларға - фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдина, режиссері Талғат Жәнібеков, Гауһар Ысқақова және өзге төрт сотталушыға шартты жаза сұраған.

XS
SM
MD
LG