Accessibility links

Сицилияда "Үлкен жетілік" елдерінің саммиті басталады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

Бүгін Италияның Сицилия аралындағы Таормина қаласында "Үлкен жетілік" елдерінің екі күндік саммиті басталады. Саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады. Саммитте оған қатысатын өзге елдердің басшылары Трамптан оның сауда және климаттың өзгеруіне қатысты ұстанымын сұрайды деп болжанып отыр.

"Үлкен жетілік" елдерінің басшылары сонымен қатар Манчестерде 22 мамырда 22 адам қаза тапқан жарылыстан соң қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты да талқыламақ. Британ полициясы жарылысты Ливиядан шыққан, Ұлыбританияда өскен исламшыл содыр жасады дейді.

Италияның аты-жөнін атамаған жоғары шенді дипломатының айтуынша, Трамп пен Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония және Канада басшыларының көптеген мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас. Бірақ Вашингтонның сауда мен климаттың өзгеруіне қатысты ұстанымдары өзгеше.

"Біз сауда мәселелері бойынша дұрыс талқы өткізе аламыз және еркін әрі ашық сауданың не екені туралы айтамыз" деп мәлімдеді 26 мамырда Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Гэри Кон. Ол сонымен қатар 2015 жылы Парижде жасалған келісім бойынша ауаға парник газдарын шығаруды азайту міндеттемесіне қатысты да "дұрыс" келіссөз болатынына тұспалдады.

XS
SM
MD
LG