Accessibility links

Египетте копт христиандарына шабуыл жасалып, 23 адам қаза тапты


Египетте шабуыл жасалған автобус жанында тұрған полицейлер (Көрнекі сурет).
Египетте шабуыл жасалған автобус жанында тұрған полицейлер (Көрнекі сурет).

Египет билігі бүгін Мина провинциясында копт христиандарын тасымалдап келе жатқан автобусқа шабуыл жасалып, 23 адам қаза тапқанын хабарлады.

Reuters агенттігінің Мина провинциясының губернаторы Эссам әл-Бедаиуиге сілтеме жасап хабарлауынша, қарулы адамдар копт христиандарына олар Каирдің оңтүстігіндегі монастрьге кетіп бара жатқанда шабуылдаған.

Египеттің денсаулық сақтау министрлігі dpa агенттігіне шабуылдан 23 адам қаза тауып, 25 адам жараланғанын растаған.

Мұсылмандар басым тұратын Египетте "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары өткен жылдың желтоқсаны мен биыл сәуірде копт христиандарына үш рет қарулы шабуыл жасап, ондаған адам қаза тапқан. ИМ содырлары бұған дейін копт христиандарына шабуыл жасайтыны туралы доқ көрсеткен.

Египеттің 92 миллион халқының 10 пайызға жуығын копт христиандары құрайды.

XS
SM
MD
LG