Accessibility links

«Ақтөбе» футбол клубының экс-директоры 8 жылға сотталды


«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы директоры Дмитрий Васильев сотта тұр. Ақтөбе, 11 қараша 2016 жыл.
«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы директоры Дмитрий Васильев сотта тұр. Ақтөбе, 11 қараша 2016 жыл.

Ақтөбенің 2-соты жергілікті футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильевке үкім шығардыдеп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, Дмитрий Васильевке сегіз жылдық түрме жазасы кесілген. Сонымен қатар оның мүлкін тәркілеуге үкім етті.

«Ақтөбе» футбол клубына жетекшілік еткен кезінде бюджеттің 240 миллион теңгесін талан-таражға салды» деп айыпталған Дмитрий Васильев 2016 жылы 8 қараша күні ұсталған. Соттың мәліметінше, оған қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті бойынша айып тағылған. «Ақтөбенің» экс-директоры 2016 жылғы 11 қарашадан бері үйқамақта отырды. Ол бүгін сот залынан қамауға алынды.

Бұл іс бойынша қамауға алынған тағы бір адам - «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ескендірбек Маханов қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Ескендірбек Маханов 2016 жылы қарашаның 28-і қамауға алынған. Тергеу Махановқа қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 28-бабының 5-бөлімі («Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушы») және 362-бабы 4-бөлімінің 3-пункті («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша айып таққан.

XS
SM
MD
LG