Британ полициясы Манчестердегі жарылысты тергеу барысында бірнеше адамды тұтқындап, маңызды айғақтар тапқан. Скотленд-ярдтың террорға қарсы операцияларының жетекшісі Марк Роулидің хабарлауынша, тергеушілер ықтимал террорлық желінің көп бөлігін тұтқындаған. Мамырдың 22-і күні "Манчестер-арена" концерт залында өзін жарған Салман Абеди де осы ұсталған топқа мүше болған. Терактіден қаза тапқан 22 адамның арасында балалар да бар. 65 адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
Скотленд-ярд өкілінің сөзінше, қылмысты тергеу барысында кейбір жайттар анықталған, алдағы уақытта тағы да күдіктілер ұсталуы мүмкін.
Манчестердегі теракт ісі бойынша 18-38 жас аралығындағы сегіз ер адам тұтқындалған. Бұл іске байланысты Ұлыбритания аумағында полиция жалпы саны 10 адамды ұстаған, алайда олардың екеуін – 16 жастағы жасөспірім және 34 жастағы әйелді ешқандай айып тақпастан босатқан.