Accessibility links

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 24-кездесуінде де жеңіске жетті


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (оң жақта) жекпе-жек кезінде. (Сурет Қанат Исламның командасының баспасөз қызметінен алынды.)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (оң жақта) жекпе-жек кезінде. (Сурет Қанат Исламның командасының баспасөз қызметінен алынды.)

АҚШ-тың Бока Ратон қаласында жұманың кешінде (Қазақстанда сенбі күні таңертең) қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мексикалық Норберто Гонсалеспен рингте кездесті. Орта салмақ (69 келі) дәрежесінде 12 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңіс Қанат Исламға берілді.

Қанат Ислам осы жеңісінен кейін бос тұрған WBO NABO және WBA Inter-Continental жеңімпазы атақтарын иеленді. Қазақстандық боксшы осымен кәсіпқой рингте 24 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның бәсекелесі Норберто Гонсалестің бұл кәсіпқой рингтегі 32-кездесуі, ол осымен тоғызыншы рет жеңіліп отыр.

Бока Ратон қаласындағы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (66 келі) мексикалық спортшы Густаво Гарибайды үшінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 21-жеңісі. Жанқош Тұраров та осы кезге дейін өткізген барлық кездесуіне жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG