Accessibility links

АҚШ-та Збигнев Бжезинский қайтыс болды


Збигнев Бжезинкий.
Збигнев Бжезинкий.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картердің әкімшілігінде ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші болған Збигнев Бжезинский мамырдың 26-сы күні Вирджиния штатындағы Inova Fairfax Hospital ауруханасында 89 жасында өмірден өтті. Бұл туралы New York Times басылымы және "Америка дауысы" радиосы марқұмның қызына сілтеме жасап хабарлады.

Ол АҚШ сыртқы саясатының ықпалды әрі білгір өкілдерінің бірі саналатын.

1928 жылы Варшавада поляк дипломаттарының отбасында дүниеге келген Збигнев Бжезинский 1950-жылдары АҚШ азаматтығын алған, сол елде Гарвард университетін тәмамдаған.

Бжезинский үшжақты комиссияның – Еуропа, Солтүстік Америка мен Жапонияның саяси және іскер лидерлері форумының негізін қалаушылардың бірі әрі 1973-1976 жылдары осы комиссия директоры болған.

1977-1981 жылдары аралығында Ақ үйде Джимми Картер әкімшілігі билікте болған кезде Бжезинский президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші қызметін атқарған. Еуропа, Ауғанстан және басқа да елдердегі совет экспансиясына қарсы күрес идеологтарының бірі болған ол Атлантикалық ынтымақтастықты нығайтуды жақтады.

1981 жылы Збигнев Бжезинский АҚШ-та азаматтық тұлғаларға берілетін ең жоғарғы мемлекеттік наградалардың бір – ел президентінің Азаттық медалімен марапатталған.

XS
SM
MD
LG