Accessibility links

Трамп саудадағы протекционизммен күресуге келісті


Сицилиядағы "үлкен жетілік" саммитіне қатысушылар. Италия, 26 мамыр 2017 жыл.
Сицилиядағы "үлкен жетілік" саммитіне қатысушылар. Италия, 26 мамыр 2017 жыл.

Италияның Сицилиядағы Таормина қаласындағы "Үлкен жетілік" саммитінде АҚШ президенті Дональд қорытынды коммюникеге протекционизммен күреске шақыруды енгізумен келісті.

Бұған дейін Трамп АҚШ-қа батыстағы Германия тәрізді жетекші серіктестерімен, сонымен бірге Қытай мен кейбір дамушы елдермен арадағы әділетсіз сауда шарттары зардабын тигізеді деген уәжбен протекциялық шараларды қолдап сөйлеген.

Сонымен бірге саммитке қатысушылар ғаламдық жылымықпен күресу жайлы тұжырым бойынша келісімге келгені туралы хабарланды. Коммюникеде өнеркәсібі дамыған жеті елдің алтауы ғаламдық климат туралы 2015 жылғы Париж келісімін қолдайтыны айтылады, ал АҚШ-қа бұл мәселе бойынша шешім қабылдау үшін қосымша уақыт беріледі.

Бұған дейін сенбі күні ақпарат агенттіктері кездесуге қатысушылар коммюникенің Ресейге қатысты бөліміне қатысты ортақ келісімге келе алмай жатқаны туралы хабарлаған. Кей елдер Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтуді қолдаса, кейбірі онымен келіспейтіндерін білдірген.

Жұма күні "Үлкен жетілік" мүшелері терроризмге қарсы күрес туралы декларацияға қол қойған. Құжатта олар терроризмге қарсы күрес саласында күш-жігерді арттыруға уәде етіп, интернет-провайдерлер мен әлеуметтік желілер администраторларын экстремистік контентке жол бермеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG