Accessibility links

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова кезекті жеңісіне жетті


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың (сол жақта) ресейлік Ольга Забавинаны жеңген сәті. Мәскеу, 28 мамыр 2018 жыл.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипованың (сол жақта) ресейлік Ольга Забавинаны жеңген сәті. Мәскеу, 28 мамыр 2018 жыл.

Мәскеуде өткен кәсіпқой бокс турнирінде қазақтсандық боксшы, 22 жастағы Фируза Шарипова ресейлік Ольга Забавинаны ұтты. Бұл туралы спорт басылымдары 28 мамыр таңертең хабарлады. Бұған дейін Шарипова кәсіпқой рингте бес кездесу өткізіп, оның үшеуінде нокаутпен, біреуінде ұпай санымен жеңген еді.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек үш раундқа созылған. Үшінші раундта Шарипованың қарсыласы бокстасуды ары қарай жалғастырудан бас тартып, әйелдер арасындағы кәсіпқой бокстан тұңғыш қазақстандық спортшы Шарипова техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG