Қырғызстанда жергілікті кеңестер (қырғыз тілінде "жергиликтүү кенеш" - ред.) сайлауы өтіп жатыр. Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы сағат таңғы сегізде елдегі 214 сайлау учаскелері ашылғанын хабарлады.
Бұл жолы 41 кеңестің сайлауы 8 қалада, 33 ауылда өтіп жатыр. Дауыс берушілер 811 депутатты сайлайды. Оның 613-і ауылдық кеңестердің депутаты, 198-і қалалық кеңестерге сайланады.