Accessibility links

Ресей патриархы Кирилл Қырғызстанға барды


Орыс православ шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл.
Орыс православ шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл.

27 мамыр күні Орыс православ шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл Қырғызстанға екі күндік сапармен келді. Мәскеу және бүкіл Ресей патриархының баспасөз қызметі оны "Манас" халықаралық әуежайында Қырғызстандағы орыс шіркеулері өкілдері, Қырғызстанның дін істері бойынша мемлекеттік комиссиясының директоры Зайырбек Ергешов бастаған үкімет өкілдөрі, Ресейдің Қырғызстандағы елшісі күтіп алғанын хабарлады.

Патриарх Кирилл Қырғызстанға православтармен бірге ғибадат жасауға келгенін айтқан. Ол "Қырғызстан орыстар және қырғыздар ынтымақта өмір сүріп жатқан меймандос өлке" деген. Патриарх қырғыз елінің тұрмысында орыс тілінің үлкен орын алып отырғанын айтқан.

Патриарх Кирилл сапары кезінде Бішкектің Свято-Воскресенский кафедралдық соборында литургиялық құлшылық ғұрпын атқарады және осы қаладағы православтық гимназияны ашады.

Қырғыз-Славян университетінде оның “Еркіндік және жауапкершілік” аталған кітабының қырғыз тіліне аударылған нұсқасы таныстырылмақ.

Патриарх Кирилл қызметіне 2009 жылы кіріскен еді. Орыс православ шіркеуінің бұрынғы басшысы Алексий II Қырғызстанда 2004 жылы болған.

XS
SM
MD
LG