Accessibility links

Қазақстан аумағында жер сілкінді


Қарағанды облысының аумақтық картасы.
Қарағанды облысының аумақтық картасы.

Қазақстанның Қарағанды облысында 28 мамыр күні магнитудасы 4 дәрежелі жер сілкінді.

Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмология институты хабарлады. Хабарламада "28 мамыр 2017 жылы 14 сағат 08 минут 01 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 555 километр жерде, Қазақстан аумағында болды. Магнитуда MPV 4.0. Тереңдігі - 15 километр" деп жазылған.

Сейсмология институты "МSК-64 шкаласы бойынша жұртқа жер сілкінісінің қаншалықты сезілгені туралы мәліметтер жоқ" екенін хабарлайды.

XS
SM
MD
LG