Accessibility links

Францияда протестант шіркеуін алғаш рет әйел басқаратын болды


Эмманюэль Сейболд.
Эмманюэль Сейболд.

Эмманюэль Сейболд (Emmanuelle Seyboldt) Францияның біріккен протестант шіркеуінің төрайымы қызметіне 27 мамыр күні сайланды. Бұл оқиға жыл сайынғы синодта, Лилль қаласыда болды. Сейболд бұрын Безансон қаласындағы протестант шіркеуінің пасторы болған еді.

Le Monde басылымы Францияда дін саласында әйелдердің бұрын да басшылық қызмет атқарып жүргенін жазып, бірақ ешқашан әйел адамның біріккен протестант шіркеуінің басшысы болмағанын ескертті (әйелдердің шіркеу басшысы болуына рұқсат 1965 жылы берілген).

Эмманюэль Сейболд 1970 жылы Люнель қаласында коммунистік партия белсендісінің шаңырағында дүниеге келген. Ол Парижде, протестант теологиясы факультетінде білім алған.

Францияның біріккен протестант шіркеуінің мәліметіне қарағанда, оларды қолдайтын 250 мыңнан аса діндар азамат бар.

XS
SM
MD
LG