Accessibility links

Канн кинофестивалінің бас жүлдесін швед режиссерінің фильмі жеңіп алды


Швед режиссері Рубен Эстлундтың (сол жақта) Канн кинофестивалінің бас жүлдесін иеленгенін естіген сәттегі реакциясы. 28 мамыр 2017 жыл.
Швед режиссері Рубен Эстлундтың (сол жақта) Канн кинофестивалінің бас жүлдесін иеленгенін естіген сәттегі реакциясы. 28 мамыр 2017 жыл.

Швед режиссері Рубен Эстлундтың мұражай көрермені және Еуропадағы буржуазиялық өмір туралы сатиралық "Квадрат" фильмі 70-рет өткізіліп отырған Канн кинофестивалінің басты жүлдесі - "Алтын пальма бұтағы" сыйлығын жеңіп алды. Бұл жүлдеге барлығы 19 кинокартина таласқан. Француз режиссері Робен Кампийоның 1980 жылдары СПИД-тің қауіптілігі туралы кампания жүргізген белсенділер туралы "Минутына 120 соққы" деп аталатын фильмі жюрилердің Гран-при жүлдесіне ие болды.

Фестивальдің ең үздік режиссері деп АҚШ-тағы азамат соғысы туралы 1971 жылғы драманы "Қатерлі арбау" деген атаумен қайта түсірген София Коппола танылды. Ең үздік актриса деп неміс тіліндегі "Қараңғылау" фильмінде ойнаған Диана Крюгер танылды. "Сен мұнда ешқашан болмағансың" картинасында психикалық жарақат алған жалдамалы кісі өлтірушінің рөлін ойнаған Хоакин Феникс ең үздік актер деп жарияланды.

Жюрилердің фестивальдің мерейтойына деп тағайындаған арнайы жүлдесі Николь Кидманға табысталды. Сонымен қатар ресейлік Андрей Звягинцевтің "Ұнатпау" фильміне де жюрилердің сыйлығы берілді.

XS
SM
MD
LG