Accessibility links

Солтүстік Кореяның тағы да зымыран ұшырғаны хабарланды


Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымырандардың бірі. 21 мамыр 2017 жыл.
Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымырандардың бірі. 21 мамыр 2017 жыл.

Оңтүстік Корея билігі Солтүстік Корея тағы бір баллистикалық зымыран ұшырған болуы мүмкін екенн мәлімдеді. Оңтүстік Корея президенті Мун Джэин зымыран ұшырылғанын талқылау үшін ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынын өткізуге шақырғаны хабарланды. Зымыран Солтүстік Кореяның Вонсан қаласынан шығыс бағытқа қарай ұшырылған.

Оңтүстік Кореяның "Ренхап" агенттігі баллистикалық зымыран ұшырылғанын хабарлады, бірақ осы елдің әскерилері бұл ақпаратты әлі нақтылап жатқанын мәлімдеді. Жапония сынақ жасалғанын айыптап, зымыран жапон территориясына құлаған болуы мүмкін екенін хабарлады.

Соңғы бір жарым жылда АҚШ территориясына жететін және ядролық оқтұмсық алып ұша алатын зымыран жасауға талпынып жатқан Пхеньян екі рет атом қаруын сынап, ондаған баллистикалық зымыран ұшырды.

XS
SM
MD
LG